Инфографика • 13 Сәуір, 2023

Балық өнімін тұтыну 44 пайызға артқан

356 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда елімізде жан басына шаққанда орташа есеппен жылына 14 кг балық пен теңіз өнімдерін тұтынатындығын, бұл әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда өте аз дегенді айтады мамандар. Ал еліміз жыл сайын шамамен 60 млн доллар сомасына 36 жақын және алыс шетелдерге 30 мың тонна балық өнімдерін, оның ішінде балықтың жон еті, қақталған-ысталған өнімдер және мұздатылған балық етін экспорттап отыр.

Балық өнімін тұтыну 44 пайызға артқан

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «EQ»

Талдау жүргізген сарап­шы­лар­дың айтуынша, елдегі балық на­рығы бес жылда бір жарым есе­ өсіп, ішкі нарықта 83,8 мың тон­на балық пен шаян тәрізді өнім­­дер  сатылымға түскен. 2017 жылы бұл көрсеткіш 58,3 мың­ тоннаны ғана құраған екен. Нарық­тағы өзгерістерге байла­нысты 2017-2019 жылдар аралы­ғын­да тұтынушылар шамамен жы­л са­йын­ біркелкі түрде 50 мы­ң тоннадан  аса балық сатып алға­н. Пандемияның  алғашқы жы­лында көрсеткіш екі еседен ар­тық ұлғайып, 112 мың тонна­ны­ құрапты. Одан кейінгі екі жыл­да бұл көрсеткіш  төмендеп, 80 мың тонна болған. Осы жылдар­ ­ішін­де нарықтағы тек халық саны­ның өзгергендігінен ғана емес,­ сонымен бірге жан басына шақ­қандағы тұтыну көлемінің артуы­ есебінен де өскендігін біл­діреді. Ұлттық статистика бю­ро­сының зерттеу нәтижесіне қара­ғанда, соңғы бір жылда жан басы­на шаққанда орта есеппен 14,1 кг астам балық пен теңіз өнім­дері тұтынылған. Бұл бес жыл­ бұрынғы көрсеткіштен 31,9 пайызға артық. Ол кезде орта­ша тұтыну көрсеткіші жылына­ бір­ адамға 10,7 кг болған. Тал­­­дама жүргізген сарапшылар бесжылдықтағы жылдық тұтыну­­дың максималды көлемі пан­де­­мия басталған жылдары жан­ басына шаққанда 15,1 кг көр­сет­се,  2020 жылы ең жоғары көр­сет­кіштің өзі бір адамға 20,5 кг еке­нін анықтаған.

Былтыр БҰҰ Азық-түлік және­­ ауыл шаруашылығы ұйы­мы­­­­­ (FАО) дүниежүзілік ба­лық­ ша­­руа­­­шылығы мен су шаруа­шы­лығының жай-күйі туралы есе­бін жариялады. Онда соңғы жыл­дары дүние жүзінде балық тұтыну ұлғайғандығы айтылады. Десек те, мұндай өсу қарқыны әр елде­ әртүрлі. Су нысандарының жақын­дығына, бағалар мен кіріс­тердің айырмашылығына, әр­түр­лі тамақтану дәстүрлері мен  тұтыну­шылар қалауына байланысты­  2019 жылы FАО сарап­шы­лары әлемнің 227 елінде балы­­қ тұтыну деңгейіне зерттеу жүр­гізіп,  мемлекеттерді төрт үлкен­ топқа бөлген. Табысы жоғары­ аймақтарда тұрғындар жылы­на 26,5 кг балық тұтынса, табы­сы азырақ елдерде 5,4 кг­ балық тұтынатындығын анық­та­ған. Ұлттық статистикалық  бюро­сы­ның  деректеріне қарағанда, елі­мізді үшінші топтағы табысы орта­дан төмен елдер қатарына жатқызуға бола­ды. Ал Ұлттық статис­тика бюро­сының көрсеткіштері FАО-ның­ еліміз  туралы деректерінде бас­қаша көрсетілген. Ұйымның сай­тын­дағы ақпаратқа сүйенсек,  біз­дегі  тұрғындар жылына 5 кг аз ба­лық тұтынады екен. Осындай көр­сет­кішке қарап, елімізді ең ке­дей елдер тобына жатқызуға болады.

Былтыр балық өндіру та­би­ғи­ аулау және жасанды­ өсі­ру есебінен 2017 жылмен­ салыстырғанда 53,4 пайыз, 38,5 мың тоннадан 59 мың тонна­ға­ дейін өскенін көрсетеді. Эко­логия және табиғи ресурстар­ минис­трлігі 2022 жылдың аяғын­да елімізде 380 балық шаруа­шылығы жұмыс істеп тұрған­ды­ғын, оның үштен бірі Арал-Сыр­дария бассейніне Түркістан және Қызылорда облыстарына тие­сілі екендігін, импорттың соң­ғы бес жылда артып, тұрақты түр­де жылына 2-3 мың тонна­ны­ қосып отырғандығын мәлім­де­ген еді. Нәтижесінде, өткен жыл­дың қаңтар-желтоқсан айла­рын­да шетелдік компаниялар елі­­мізге 50,5 мың тоннадан астам­ балық пен теңіз өнімдерін  жет­кіз­ген. Кедендік статистика­ мәліметінде, біздің басқа елдер­де­н қандай теңіз өнімдерін сатып­ алатындығын, мәселен, өткен жылы  импортталған теңіз өнім­дерінің ең жоғары көлемі ақ­серке мен дунай албыртына тиесілі екен­дігі хабарланады. Осындай мұз­датылған ақсеркенің 8,4 мың тон­насы үшін отандық гурмандар­ 60,9 млн доллар төлеген. Дағдарысқа қара­мастан, өткен жылы  елімізге  осы албырт импортының көлемі­ 13,5 пайыз, ақшалай түрде 38,1 пайызға өсті. Негізгі жеткізу­ші­лер­ Норвегия мен Чили елдері бол­ды. Тұтынушылар арасында­ им­порттық балықтардың таны­­мал­дығы бойынша екінші орын­ды­­­ майшабақ алған. Оның 6,5 мың­ тоннадан астамы бір жылда­ ел­ге әкелінді (2021 жылмен салыс­тырғанда өсім – 45,5 па­йыз). Үшінші орында – скумбрия.­ Бұл балықтың жеткізілімі 4,5 мың тоннаны құрап, бір жыл бұрынғыдан 24,6 пайыз аз болған.

Қаржы министрлігі Мемле­кет­­тік кірістер комитетінің ақпа­­ра­­тына қарағанда, еліміз­де­гі­ балық экспортының негі­зін­ мұз­да­тылған тұщы су балы­ғы­ның филесі құрайды. 2022 жы­лы 7,8 мың тоннаға жуық осын­дай тазартылған және ішек­тері тазартылған балық Германия, Литва, Нидерланд және басқа да Еуропа елдеріне жөнел­тілген. Қалай айтсақ та Еуро­падағы басты қазақстандық бренд көксерке филесі екен. Көксерке еті Еуропалық одақ елдерінде Қазақстан брендіне айналса, қақталған-сүрленген өнім Ресейге, Украинаға, Литваға, Қытайға және басқа елдерге экспортталып  отыр.

Сонымен қазіргі таңда елімізде 380-ге жуық шаруашылық балық өсірумен айналысады. Бұған республикалық бюджеттен балық өсіру шаруашылықтарын, қайта өңдеу және жем өндіру қуаттарын салу кезінде бизнестің инвестициялық шығындарын өтеу үшін шамамен 750 млн теңге бөлінген. Өткен жылы Экология және табиғи ресурс­тар министрлігінің вице-министрі балық шаруашылығын дамыту үшін инвестициялық салымдар кезінде мемлекеттік қолдау іс-шаралары кеңейтіліп, қайта өңдеу мен жем өндірісі, тоған шаруашылықтары бойынша пас­­­порттар енгізіл­ген­ді­гін, ве­домс­­­твоаралық комиссия оты­ры­­­сында «Акваөсіру туралы»­ заң­ жобасының тұжы­рым­да­ма­сы­ мақұлданып, заңды әзір­леу бас­тал­­ғандығын, жалпы­ өсіру қуаты – 850 тонна,­ 1,0 млрд теңгеден астам сомаға 4 инвес­ти­ция­лық жоба іске асырылғанын ата­п­­ өткен еді. Негізінен отандық б­а­лық­­ шаруашылығының мекені – Атырау облысы. Шығарылған өнімнің 44,7 пайызын беретін бұл өңірдің ауыл шаруашылығы сала­сында балық өсіру ерекше маңыз­ға ие болса, Алматы мен Шығыс­ Қазақстан облысы да өз үлесін қосып отыр.

Соңғы жылдары Түркістан облысындағы Шардара мен­ Түл­кібас аудандарында жаңа жоба­лар да іске қосылды. Қалай айт­сақ та, дүниежүзі бойынша­ ауланған бекіре балығының 90 пайы­зы еліміздегі балық шаруа­шы­лығының үлесіне тиесілі екен­дігін атап өткен жөн.