Экономика • 12 Сәуір, 2023

Өсім жеделдейді, тәуекел сақталады

397 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Азия Даму банкі (АДБ) Қазақстан экономикасы биыл 3,7%-ға өседі деп болжайды. Келесі жылы ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 4,1%-ға артады. Бұл негізінен өнеркәсіпті, қызмет көрсету саласын және ішкі сұранысты қалпына келтіру есебінен жүзеге аспақ.

Өсім жеделдейді, тәуекел сақталады

Сәуір айындағы шолуда АДБ Қазақ­стан экономикасының 2023 жылға арналған өсу болжа­мын өткен жылы күтілген мән­дер­ деңгейінде сақ­тап қалды. Сарап­шы­лар ІЖӨ ірі кен орындарында мұ­най өндіру көле­мі­нің­ ұлғаюына қа­рай өседі деп есеп­тей­ді. Негізгі экс­порттық тауарлар баға­сының бол­жамды өсуі инвести­ция­ны ынта­лан­дырып, іскерлік белсенділікті тұрақ­ты қалыпта ұстап тұрады.

Ұйымның мәліметінше, былтыр­ эко­но­микалық өсім 3,2%-ды құра­ды.­ Сонымен бірге Ұлттық банктің рес­ми ақпараты ІЖӨ-нің 3,1%-ға­ өскенін көрсетеді. Инфляция өт­кен­ жылғы 15%-дан 2023 жылы 11,8%-ға дейін баяу­лай­ды. Қаржы рет­теушісінің қатаң ақша-кредит сая­саты аясында инфляция әрі қа­рай­ 6,4%-ға дейін төмендейді. АДБ ма­мандары баға өсуінің баяулауы­ не­гізгі азық-түлік өнімдеріне экс­порт­­тық шектеулер және бензинге­ шек­ті­­ бағаларды белгілеумен бай­ла­­ныс­ты­ деп есептейді.

Тұтынушылық сұраныс 2023 жы­лы – 1,6% және 2024 жылы 2,2% деңгейінде қалыпқа келмек. Баға­ның төмендеуі нақты кірістің өсуі­не және мемлекеттік әлеуметтік қол­дау шығындарының ұлғаюына әкеле­ді. Сондай-ақ болжамға сәй­кес­, қызмет көрсету саласы 2023 жы­лы – 3,4%-ға және 2024 жылы 3,9%-ға өседі. Бұл көлік, сауда, қо­нақүй бизнесін дамыту және Еу­ро­­­па мен Азия арасындағы тауар айна­лымын арттыру арқылы болуы­ мүмкін. Өнеркәсіп шикізатқа сырт­қы сұраныстың жоғары болуын­а бай­ла­нысты биыл 4,7%-ға өссе, келер жылы 4,3%-ға қарай бәсеңдейді.

АДБ сарапшыларының шо­луын­да өңірлер арасындағы мүмкін­дік­тер мен бәсекеге қабілеттіліктегі елеу­лі айырмашылыққа назар­ ауда­рылған. АДБ-ның соңғы есеп­­­теу­лері (2019 жыл) бойынша Кас­пий­ теңізі аймағында (Атырау және Маң­ғыстау облыстары) орналасқан батыс­ өңірлер, сондай-ақ Алматы мен­ Астана қалалары бәсекеге қабі­лет­тіліктің жоғары деңгейін көрсе­туде. Бұл көрсеткіш бойынша­ Батыс Қазақстан, Солтүс­тік­ Қазақстан, Павлодар және Қара­ғанды облыстары ‒ орта және­ жоғары деңгейде. Қалған өңір­лер­дің­ бәсекеге қабілеттігі орта және тө­мен дәрежеде қалып отыр.

Ұйым қолдауымен Қазақ­стан­ның өңірлік бәсекеге қабілеттілік және әлеуметтік бірігу индексі әзір­ленген. Бұл олқылықтарды жою­ үшін әр аймақтың ерекшелігі мен­ қажеттілігін ескеретін арнайы шара­лар қабылдануы қажет. АДБ атап­ өткендей, мұндай шаралар барлық аймақтың әлеуетін ашуға, инклюзивті өсуді ынталандыруға және бүкіл елдегі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмек­тесу үшін қажет. Үкімет бағдар­ламаларды жергілікті қажет­ті­лік­терге бейімдеу және жергілікті өзін өзі басқару органдарының инс­ти­­ту­ционалдық әлеуетін кү­шей­­ту үшін икемді нұсқауларды анық­тауды қарастыруы мүмкін. Әсіре­се өңірлер тұрғындарының өмір­ сүру сапасын арттыру, бұл шара­ға жергілікті билік ор­ган­да­рын­­ ынта­ландыру бөлігінде бюд­жет­ қара­жатын қайта бөлу жүйе­­сін жетіл­ді­ру қажет.

Республиканың ІЖӨ өсімі бо­йын­­ша басқа болжамдарға үңіл­­­­сек, ақпан айында Ұлттық банк­­ эконо­микалық өсу бойын­ша­­­ болжам­ды­­ 3,5-4,5%-ға арт­тыру­ жағына қарай қайта қара­ды­. Жел­тоқсан айында ІЖӨ-нің 2023 жылы 3-4%-ға өсуі күтілді. Рет­теуші мұны мұнай өндіру мен экс­порттаудағы оң күтулермен бай­ланыстырды. Еуразиялық Даму бан­кі (ЕАДБ) биыл ішкі жалпы өні­м 4,2%-ға өседі деп болжаса, Халық­аралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақ­стан экономикасының өсуі 2023 жылы 4,3%-ды құрауы мүмкін деп­ мәлімдеді. Аналитикалық несие­лік­ рейтинг агенттігінің шолуы­ бойынша ІЖӨ 2023 жылға қарай – 4,1%, 2024 жылы 3,9% құрайды. Ал Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасы 2023 жылы – 3,5%-ға,­ ал 2024 жылы 4%-ға жақсарады деп есептейді.