Әлем • 13 Сәуір, 2023

9 адамды өлтірген «Қазан атқышы» өмір бойына сотталды

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Татарстанның Жоғарғы соты Қазан қаласындағы мектептердің біріне қару әкеліп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған Ильназ Галявиевті өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz  ТАСС-қа сілтеме жасап.

9 адамды өлтірген «Қазан атқышы» өмір бойына сотталды

«Ильназ Галявиев өмір бойына бас бостандығынан айырылып, өз жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтесін», деді үкімді оқыған судья.

Еске сала кетсек, Қазан қаласындағы №175 гимназияның бұрынғы оқушысы Галявиев 2021 жылдың 11 мамырында аталған білім ошағында атыс ұйымдастырған.

Оқиға салдарынан 7 оқушы мен 2 мұғалім көз жұмды.

Іс бойынша 667 адам жәбірленуші деп танылды. Сотта Галявиев өз кінәсін мойындады.