Қаржы • 13 Сәуір, 2023

Доллар 3 теңгеге арзандады

635 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар 3 теңгеге арзандады

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,03 теңгеге төмендеп, 449,86 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 сәуірдегі бір долларға арналған ресми бағамы - 452,97 теңге.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,05 теңгеден сатып алынып, 453,08 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 449,44 теңге, сату – 453,07 теңге.