Спорт • 13 Сәуір, 2023

Жәнібек Әлімханұлына қарсылас табу қиын - сарапшы

800 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Notifight.com порталының шолушысы, сарапшы Людо Саенс WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен канадалық Стивен Батлердің алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлына қарсылас табу қиын - сарапшы

Сарапшының пайымдауынша, алдағы титулдық жекпе-жекте Әлімханұлы өз қарсыласын нокаутпен жеңуі мүмкін. ️ ️

«Жәнібек Әлімханұлына қарсылас табу қиын. Тіпті үміткерлерді таңдау да қиынға соғады. Алайда, Стивен Батлер осал қарсылас емес. Оның тәжірбиесі көп және рейтингте үздік ондыққа кіреді. Осы жекпе-жекте Әлімханұлы «фаворит» болатыны сөзсіз. Мерзімінен бұрын жеңіске жету ықтималдығы жоғары, бірақ оған босаңсуға болмайды. Қарсыласты жете бағаламау сәтсіздікке әкелуі мүмкін», деді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55