Елорда • 13 Сәуір, 2023

Астанада коммуналдық және жалпықалалық сенбіліктер өтеді

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 сәуірде елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында алғашқы коммуналдық сенбілік өтті. Оған 11 мыңнан астам адам, 217 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Бір ай ішінде қалада тағы бірнеше сенбілік ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада коммуналдық және жалпықалалық сенбіліктер өтеді

8 сәуірден 6 мамырға дейін елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы өтеді. Айлық шеңберінде жалпықалалық екі сенбілікті – 22 сәуір және 6 мамыр, ал үш коммуналдық сенбілікті – 8, 15 және 29 сәуір күндері – аудандық әкімдіктер мен коммуналдық қызметтердің күшімен өткізу жоспарланған.

Елордада алғашқы көктемгі коммуналдық сенбілік 8 сәуірде өтті. Еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының көмегімен полигонға 555,58 тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден астам саябақтар мен скверлерді жинау жүргізілді. Іс-шараға аудандық әкімдіктер, коммуналдық қызметтер, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері белсенді қатысты.

Сонымен қатар, Абылай хан даңғылы, Қажымұқан, Петров, Бөлекпаев, А-105, Балталы көшелерінде мәслихат депутаттары, тұрғындар мен еріктілер ағаш отырғызды.

Айта кетейік, 2022 жылы Астанада экологиялық сенбіліктер аясында 6 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды. Сондай-ақ 2,7 млн шаршы метр алаң жиналды.