Футбол • 13 Сәуір, 2023

Жасыл алаңды жаңарту бағдарламасы

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұқаралық спортты дамытуға бағыт­талған Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қай­­та жаңарту бағдар­ламасын енгізеді.

Жасыл алаңды жаңарту бағдарламасы

ҚФФ баспасөз қызме­тінің мәліметі бойынша, бағ­дарлама 2023-2024 жылдар аралығында ФИФА және УЕФА-ның қолдауымен жү­зеге асырылады. Сонымен қатар бағдарлама аясын­да аймақтық атқару ор­гандарына бұқаралық фут­бол­ға арналған және бюджеті төмен футбол алаңдарының құ­рылысы үшін жасанды алаң қайтарымсыз негізде төселеді.

«Бағдарламаның негіз­гі мақсаты – балалар-жасөспі­рімдер және бұқаралық фут­болды дамыту әрі наси­хаттау жолында қызмет атқаратын аймақтарға қолдау көрсету. Ең алдымен халық көп қо­ныстанған аймақтарда ре­но­вацияны қажет ететін фут­бол алаңдары енгізіледі. Жоба футбол алаңдарын қай­­та жандандырып қоймай, елі­мізде бұқаралық футболды дамытуға үлкен күш береді», дейді ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов.

Қазақстан футбол федерациясы футбол алаңдары үшін стандарттар мен талап­тарды әзірледі. Жобаға қа­тысу үшін жергілікті атқару орган­дарының атынан спорт нысан­дарының басшылары ҚФФ-ға 2023 жылдың 15 мамы­рына дейін өтініш білдіруге тиіс.

Барлық сұрақ бойынша келесі нөмірге хабарла­сы­ңыздар: +7 (7172) 79-07-80.