Оқиға • 14 Сәуір, 2023

Қызылордада жасөспірімдер бір-бірін соққыға жықты

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада футбол турнирінде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада жасөспірімдер бір-бірін соққыға жықты

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің бір-бірін соққыға жығып жатқандығы туралы бейнежазба тарап жатыр. 

Оқиға  13 сәуір күні облыс орталығындағы мектептердің бірінде футбол алаңында орын алған. Медициналық көмекке жүгінгендер жоқ. 

Аталған дерек Қызылорда қалалық ПБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293 - бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде. 

Мән-жайды анықтау мақсатында төбелеске қатысушылар полицияға жеткізілді. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Сонымен қатар қатысушылар арасында жанжал туындаған спорттық турнирдің ұйымдастырушылары да полицияға жеткізілді.