Спорт • 14 Сәуір, 2023

Бүгін Азия чемпионатында 5 қазақстандық өнер көрсетеді

698 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада еркін күрестен Азия чемпионатының екінші ойын күні өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бүгін Азия чемпионатында 5 қазақстандық өнер көрсетеді

Бүгін 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар күреседі. Атап айтқанда, Нұрболат Әбдуалиев (61 келі), Дархан Есенғали (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) белдеседі.

Ел құрамасынан Нұрболат Әбдуалиев алғашқы белдесуінде моңғолиялық Тюменбилегиин Тювшинтулгамен кездессе, Дархан Есенғали сингапурлік Лу Хонг Йоумен шеберлік байқасады.

Ал Азамат Дәулетбеков ширек финалда пәкістандық Нуман Зака - сингапурлік Гари Чоу жұбының жеңімпазымен жолықса, Ризабек Айтмұхан қырғызстандық Мирлан Шыныбеков пен ирактық Исса Абдул-Салам жұбының жеңімпазымен қарсылас атанады.

Сондай-ақ Жүсіп Батырмұрзаевтың ширек финалдағы алғашқы қарсыласы - жапониялық Тайки Ямамото мен үндістандық Анирудх Гулия жұбының жеңімпазы.

Еске салсақ, грек-рим күресінен Азия чемпионатында ел құрамасы жалпы есепте 3-орында тұр. Ел қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль бар.