Қоғам • 14 Сәуір, 2023

Тарихшы іздері

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында әр жұма сайын өтетін «Даму күнінің» кезекті спикері тарихшы, «Восхождение по нисходящей» кітабының авторы Нұртай Агубаев болды.

Тарихшы іздері

Кездесуде автор ақпарат ағыны қарқын алған шақта сананың фрагменттелуіне жол бермеудің, әлеуметтік роботтандырудың құрбаны болмаудың жолдарын, жасанды философия мен шынайы философияның арасында таңдауды қалай жасау керек екенін түсіндірді. Сондай-ақ ол өмірдің адамға қандай сабақ беретінін, неліктен саналы диалог қызу пікірталастан маңызды екенін айтты.

«Кітап Қазақстан үшін көркем жанр, публицистика және зерттеу синтезіне негізделген мемуаристиканың жаңа түрін ұсынады. Онда «тағдыр» ұғымының өзіндік интерпретациясы берілген, ал өмір тарихы адамның өзіндік «Меніне» баса назар аудармай, қоршаған әлемді түсіну призмасы арқылы берілген», деді Нұртай Агубаев кітаптың мазмұнына тоқталып.

д

Сонымен қатар бұл еңбекте автор бұрынғы кеңес одағы халықтарына тән «катастрофиялық сана» және болып жатқан өзгерістерді түсінбеушіліктен туындаған «конфликттік ойлау» сияқты ұғымдарды талқылайды.

Академияда білім алып жатқан мемлекеттік қызметшілерді «бюрократиялық ритуализм және оның салдары» тақырыбы қызықтырды. Автор да осы мәселеге теңірек тоқталып, сауалдарға жауап берді.