Күрес • 14 Сәуір, 2023

Еркін күрес: төрт қазақстандық Азия чемпионатының финалында бақ сынайды

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 14 сәуірде еркін күрестен Азия чемпионатының екінші ойын күнінде финалға төрт балуан жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еркін күрес: төрт қазақстандық Азия чемпионатының финалында бақ сынайды

Бұл күні 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар күресті.

Олардың арасынан Дархан Есенғали (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) финалға дейін жетті.

Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 келі) жұбаныш белдесуіне қатысады. Жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін сайысқа түседі.