Кино • 14 Сәуір, 2023

Актер Санжар Мәди Netflix-тің Әмір Темір туралы фильміне түседі

797 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық актер Санжар Мәди фильмдер мен сериалдардың танымал сервисі  Netflix жобасына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Актер Санжар Мәди Netflix-тің Әмір Темір туралы фильміне түседі

Әлеуметтік желілерде Netflix атақты Әмір Темір туралы фильм түсіріп жатқаны туралы ақпарат тарады.

Фильмдегі рөлдердің бірі қазақстандық актер Санжар Мәдиге бұйырды.

«Иә, бұл Темірлан туралы жоба. Мен Джасурдың рөлін сомдаймын. Сюжетте ол бір кездері Темірланды құтқарған, содан кейін оның жақын досына айналған серігі болады. Түсірілім әлі болып жатыр және мамыр айына дейін жалғасады. Біз түсірілімді Өзбекстанда, ежелгі Хиуа қаласында бастадық», деді Мәди.

Сондай-ақ актер фильм платформада қашан шығатыны әлі белгісіз екенін айтты. Бұған дейін Санжар Мәди түсірілім кадрларымен бөліскен еді.