Спорт • 14 Сәуір, 2023

Санжар Досжанов Азия чемпионы атанды

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Досжанов (70 кг) жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

Санжар Досжанов Азия чемпионы атанды

Санжар Досжанов финалда өзбекстандық Зафарбек Отакхоновты жеңді.

Жерлесіміз 1/8 айналымда оңтүстік кореялық Сук Хон Паркты таза ұтқан еді. Осыдан кейін қырғызстандық Орозобек Токтомбетовпен өте тартысты белдесу өтті.

Отандасымыз бұл айқаста да үстем түсіп, жартылай финалға шықты. Бұл сында Санжар ирандық Мортеза Хассанәліні сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, былтыр Моңғолияда өткен Азия чемпионатында осы салмақта күрескен ұлттық құрама өкілі Сырбаз Талғат қола медаль жеңіп алған болатын.