Спорт • 14 Сәуір, 2023

Елена Рыбакина польшалық Вероника Фальковскаяны жеңді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина мен Польша құрамасының ойыншысы Вероника Фальковская арасындағы Билли Джин Кинг кубогінің екінші ойыны аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина польшалық Вероника Фальковскаяны жеңді

Кездесу Ұлттық теннис орталығының кортында өтті. Кездесудің екінші ойынында Қазақстанның бірінші ракеткасы польшалық теннисші Вероника Фальковскаядан 6-3, 6-4 есебімен басым түсті.

Матч 1 сағат 25 минутқа созылды.

Ертең жекелей сында Елена Рыбакина Магда Линеттпен, Юлия Путинцева Вероника Фальковскаямен кездеседі.

Жұптық сында Анна Данилина мен Гозал Айнитдинова - Алисия Росольска және Вероника Фальковская дуэтіне қарсы өнер көрсетеді.