Спорт • 14 Сәуір, 2023

Күрестен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты

1110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы күрестен Азия чемпионатында алтыншы алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Күрестен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты

Дархан Есенғали еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ финалында жапониялық Кирин Киношитаны жеңді.

Бұл 24 жастағы Дарханның ересектер деңгейіндегі ең үлкен жеңісі саналады. 

Қазақстан құрамасының қоржынында алты алтын медаль бар. Бұған дейін Жәмила Бақбергенова (72 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг), Ибрагим Магомадов (72 кг), Санжар Досжанов (70 кг) және Болат Сақаев (79 кг) финалда басым түскен еді.