Мәдениет • 15 Сәуір, 2023

Сұлтан Бейбарыс туралы деректі фильм түсіріліп жатыр

830 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Мысыр Араб республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Манал Шиннавимен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Сұлтан Бейбарыс туралы деректі фильм түсіріліп жатыр

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал Эль-Шиннавиді қабылдады. 

Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі министрлік жетекшілік ететін салаларға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Тараптар екі ел арасындағы салалық бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайту, медиа, дін, жастар саласында ортақ жобалар жасау, өзара тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. 

Министр Дархан Қыдырәлі Ұлы даланың даңқты перзенті Сұлтан Байбарыстың 800 жылдығына орай арнайы деректі фильм түсіріліп, үлкен зерттеу еңбегі әзірленіп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Мысыр елшісі Манал Эль-Шиннави Сұлтан Байбарыстың 800 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтуге атсалысуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен бірге, жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін айтты.

Сонымен қатар, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне қатысты мәселелер қозғалды, оның алдағы Қамқоршылар кеңесінің отырысын өткізу жөнінде пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35