Білім • 15 Сәуір, 2023

Ұлытауда халықаралық мемлекеттік техникалық университет ашылады

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар және өңір әкімдігі басшыларының қатысуымен Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытауда халықаралық мемлекеттік техникалық университет ашылады

Кеңесте Үкімет басшысы өңірдегі маңызды мәселелерге тоқталды.

Соның ішінде Премьер-Министр өңірде халықаралық мемлекеттік техникалық университет ашуды тапсырды.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін арттыру және Жезқазған мен Шымкент арасында әуе қатынасын ұйымдастыру мәселелерін пысықтау қажеттігін атап өтті.