Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті күн райына байланысты елордадан шығатын тасжолдардың жабылғанын мәлімдеді.
«Бүгін сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қарлы боран) көлік құралдарының барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар автожолдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды: «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы (Астанадан – Анар стансасына дейін), «Астана-Қорғалжын» автожолының 19-124 шақырымы (Астана-Қорғалжын), «Астана-Қабанбай Батыра-Киевка-Нұра-Теміртау» автожолы 16-51 шақырымы (Қосшы-Қарағанды облысы)», делінген ТЖД хабарламасында.