Шахмат • 15 Сәуір, 2023

Шахматтан әлем чемпионаты: Ян Непомнящий 5 партияда жеңді

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ян Непомнящий  шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың бесінші партиясында Дин Лижэньді жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шахматтан әлем чемпионаты: Ян Непомнящий 5 партияда жеңді

Ақ тастармен ойнаған Ресейлік шахматшы Ян Непомнящий матчтың бесінші партиясында қытайлық Дин Лижэньді жеңді.

Жалпы нәтиже бойынша Непомнящий  алда келеді. Есеп - 3:2.  Лижэннің 37-ші қадамда  жіберген қателігі   орыс шахматшысын жеңіске жеткізді.

Ал алтыншы партия жексенбі, 16 сәуірде өтеді. 

Ереже бойынша шахматшылар 14 партия өткізеді. 7 ұпайдан артық жинаған спортшы әлем чемпионы атанады. Ұпай саны тең болған жағдайда қосымша партия өткізіледі.