Аймақтар • 16 Сәуір, 2023

Ұлылардың ұрпақтары – Ұлытауда

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған-Ұлытау аймағында жыл сайын 12 сәуірде ғұлама ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күнін салтанатты іс-шаралармен атап өту дәс­түрге айналған.

Ұлылардың ұрпақтары – Ұлытауда

Биылғы салтанатқа Әлкей Марғұлан­ның қызы, халықаралық Ә.Марғұлан қорының вице-президенті Дәнел Марғұлан және Зейін Сәтбаевтың шөбересі, саяси ғылымдар докторы, Философия, саяхаттану және дінтану инсти­ту­ты­ның жетекші ғылыми қызметкері Әділ Жүнісов арнайы келіп қатысты.

– Біз екі күн бойы әкелеріміздің таба­нының ізі қалған жолдармен жүріп өттік. Жезді мен Қарсақбайға бардық, музейлерді араладық. Сәтбаев қаласында Қаныш Сәт­баев, Әлкей Марғұлан атындағы мектептерде болдық. Әкелерімізге деген шек­сіз құрметті сезініп, көңіліміз мар­қайды. Олар­дың істерінің жалғасын тауып жатқа­нын көріп қуандық, – дейді мәртебелі меймандар.

Ұлылардың ұрпақтарымен өткен кез­десу­лер көпшіліктің, әсіресе жас­өспі­рім­­дер­дің көңілінде әдемі әсер қалдыр­ғаны сөзсіз.

 

Абдолла ДАСТАНОВ,

журналист