Шахмат • 16 Сәуір, 2023

Шахматтан әлем чемпионаты: алтыншы партияда Дин Лижень жеңді

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан әлем чемпионаты-2023 матчының алтыншы партиясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Шахматтан әлем чемпионаты: алтыншы партияда Дин Лижень жеңді

Бесінші партиядағы Янның жеңісінен кейін Дин 6-партияда есесін қайтарды.  Осы ойыннан кейін орыс шахматшысы Ян Непомнящий мен Қытай шахматшысы Дин Лиженнің ұпайлары теңесті. Нәтиже 3:3.  

Бүгінгі жеңімпаз кешегі жеңілістің оған еш әсер етпегенін айтты.

«Жалпы көңіл күйім жақсы. Кешегі жеңіліс маған еш әсер еткен жоқ. Шынымды айтсам, мен қай дебютті таңдау керектігін білмедім. Бірақ менің ойымша, бәрі жақсы болды», деді ол. 

Ал Ян болса, бүгінгі ойынды өзі сәтсіз ойын деп бағалады.

«Менің ойымша, мен өмірімдегі ең нашар партияны ойнадым. Барлық жүріс нашар. Бүкіл ойынымда нақтылық болмады», деді ол.