«Біржолғы материалдық көмек соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттағы тұрғындарға көрсетіледі. Кәмелетке толмаған кезде концлагерьлердің тұтқыны болған 38 адамға 100 мың теңгеден беріледі. Ленинград блокадасы кезінде жұмыс істеген 11 қарағандылық 60 мың теңгеден алады», деп хабарлады Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.
Көмек алушылар арасында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза тапқан 4138 тыл еңбеккері мен 161 жауынгердің жұбайы бар. Оларға 30 мың теңгеден беріледі.
Айта кетейік, биыл қан майданның аяқталғанына – 78 жыл.