Қоғам • 17 Сәуір, 2023

ТЖД елордалықтарға қала сыртына шықпауға кеңес берді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖД елордалықтарға қала сыртына шықпауға кеңес берді

«Қазір ауа райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылды. Олар:

  • Астана-Қорғалжын,
  • Астана-Ерейментау-Шідерті,
  • Астана-Анар станциясы,
  • Астана-Щучинск», делінген хабарламада.

ТЖД қызметкерлері жоғары өтімді техникамен қаладан шығу бағыттары бойынша патрульдеу жүргізеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына барудан бас тарту, қырағы болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалау ұсынылады.

«Құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа райының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын», делінген департамент хабарламасында.

Бұған дейін Астананың Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен және қазіргі тәулікте 112 желісіне түрлі сипатта 3500-ден астам қоңырау түскенін хабарлаған еді.