Мәселен, Байқоңыр ауданында 16 сәуірден 17 сәуірге қараған түні 3 500-ге жуық текше метр қар аумақтан шығарылды. Таңнан бері қар тазалау жұмыстарына 150-ден астам арнайы техника мен 50-ге тарта жол жұмысшысы шықты.
Есіл ауданы бойынша қар тазалау жұмыстарына барлық коммуналдық шаруашылығы мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, 283 бірлік арнайы техника, 700-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылған.
Алматы ауданында 112 бірлік арнайы техника мен 595 жол жұмысшысы жолдар мен тротуарларды тиісті және ең бастысы, қауіпсіз күйге келтіруге тырысып, еңбек етуде.