Футбол • 17 Сәуір, 2023

«Ел-Класико»: «Қайрат» «Астананы» тізе бүктірді

316 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Футболдан ел чем­пио­натының кезекті тур ойындарында жан­күйерлер бірқатар тар­тысты кездесудің куә­сі болды. Атап айт­қанда, футбол сүйер қауым екі күнге жал­ғасқан матчтарда ел арасында «Ел-Кла­сико» деп ата­лып кеткен «Ас­тана» мен «Қай­рат», биылғы чем­пион­дық­тан н­егізгі үміт­кер­лер – «Ордабасы» мен «Тобыл» секілді клуб­тар­дың бәсекелерін тама­шалады.

«Ел-Класико»: «Қайрат» «Астананы» тізе бүктірді

Алтыншы турдың орталық ойыны «Астана» мен «Қайрат» арасындағы матч болса да, жанкүйерлердің назары Павлодардағы жергілікті «Ақсу» мен Петро­павлдың «Қызылжар» клуб­тары­ның ойынына ауды. Өйткені Әли Әлиев жаттықтыратын «Қызылжар» командасы кейінгі бес турда футбол мамандарын таң­ғалдырып, 100 пайыздық нәтижемен турнир кестесінде көш басында келеді. Петропавлдың командасы бұл турда да ұпайдан шашау шығармай, жақын бәсе­келестерінен тағы да алшақтап кетті. Кездесудің 78-минутына дейін матч­тың есебін аша алмаған «Қызылжар» футболшылары айналдырған төрт минут­тың ішінде қарсыластарының қақпасына екі гол соғып, алтыншы жеңі­сіне қол жет­кізді. Бұл матчта қонақтар сапынан Хосе Витор Родригес мергендік танытса, Марат Шах­метов екінші голдың авторы атанды.

чвапр

Ал елордада өткен «Астана» мен «Қай­рат» арасындағы «Ел-Класикода» алматылық ұжымның мерейі үстем болды. Бес мыңнан аса жанкүйер тамашалаған «Астана Аренадағы» тартысты матчта «Қайрат» футболшылары алаң иелерінен 3:0 есебімен басым түсіп, Астанадан үш ұпай арқалап қайтты. Кездесудің үшінші минутында «Қайраттың» бра­зилиялық шабуылшысы Жоао Пауло ас­таналықтардың қорғанысын бұ­зып-жарып, ойынның есебін ашты. Ал бірінші таймның орта тұсында Ма­рин Томасовтың таразы басын теңес­тіретін тамаша мүмкіндігі болды. Бі-р­ақ хорватиялық сұрмерген екі метр жерден бос қақпаны көздей алмай, өз жанкүйерлерінің алдында ұятқа қалды. «Сен соқпасаң, саған соғады», дегендей екінші таймның 56-минутында Жоао Пауло дубльдің авторы атанып, қонақтарды 2:0 есебімен алға шығарды. Матчтың аяқталуына төрт минут қалғанд­а Дмитрий Сергеев мергендігімен көзге түсіп, ойынның нүктесін қойды – 3:0. Бұл – ресейлік футболшының Қазақстан чемпионатындағы дебюттік голы болға­нын айта кеткен жөн.

Алтыншы турға дейін турнир кесте­сінде 10 ұпаймен 4-5 орындарды бөлі­сіп тұрған «Ордабасы» мен «Тобыл» бұл турда жеңіс үшін барын салды. Өйт­кені үш ұпайды олжалаған клубтың үздік үштіктің қатарына қосылатыны белгілі еді. Сондықтан екі ұжымның фут­болшылары матч барысында аянып қал­ған жоқ. Командалар бірінші таймда бір-бір голдан соғып, үзіліске тең есеппен аттанды. Матчтың есебін алаң иелерінен Асхат Тағыберген айып добынан ашқан болса, «Тобыл» сапынан Серж Дебле мер­гендік танытты.

Үзілістен кейін қарқынын арттырған «Ор­дабасы» «Тобыл» қақпасына жауап­сыз үш гол соқты. 72-минутта Бобир Абди­холиков шымкенттіктерді есепте алға шығарса, арада төрт минут өткенде Сер­гей Малый «Ордабасының» үшінші голын соқты. Ал 85-минутта Всеволод Садов­ский кездесудің нүктесін қойды – 4:1. Осылайша, маңызды үш ұпайына қол жеткізген «Ордабасы» турнир кестесінде үшінші орынға көтеріліп алды.

Турдағы айта кететін бір жаңалық – көш соңындағы «Каспий» биылғы мау­сымдағы алғашқы жеңісін тойлады. Ақт­аудың командасы «Оқжетпесті» 2:1 есе­бімен тізе бүктіргеніне қарамастан, бұ­рынғыша ең соңғы орында келеді. Ал қал­ған ойындардың нәтижесі мынадай: «Ақ­төбе» – «Атырау» – 4:0, «Жетісу» – «Қай­сар» – 0:2, «Шахтер» – «Мақтаарал» – 3:0.

22-23 сәуірге (сенбі, жексенбі) жос­парланған VII турда «Тобыл» – «Ақ­төбе», «Қайрат» – «Ордабасы», «Қайсар» – «Ас­тана», «Мақтаарал» – «Жетісу», «Оқжет­пес» – «Шахтер», «Қызылжар» – «Каспий» және «Атырау» – «Ақсу» командалары кездеседі.