Аталған ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Қолайсыз ауа райы салдарынан облыстың 7 ауданында жарық өшкен. Қатқан мұзды көтере алмай, электр сымдары үзілген. Кейбір елді мекендерде бағаналар құлаған.
Жауаптылар кешке дейін Мәртөк ауданында жағдай толықтай қалыпқа келтірілгенін хабарлады. Қалған ауылдарда да жөндеу жалғасып жатыр. Электр энергиясы бүгін барлық ауылға толық берілуі керек.