Спорт • 18 Сәуір, 2023

Дзюдошылардың дүбірлі додасы

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Қатар астанасы Дохада алауы тұтанатын әлем чемпионатына қатысады. Әлем біріншілігі 7-14 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған.

Дзюдошылардың дүбірлі додасы

Дохадағы дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасы сапынан мына балуандар белдеседі. Ерлер: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев (60 кг), Ғұсман Қыр­ғызбаев (66 кг), Жансай Смағұ­лов, Данияр Шамшаев (73 кг), Абы­лайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team, 90 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг), Ғалымжан Қырықбай +100 кг).

Әйелдер: Әбиба Әбужа­қынова, Ғалия Тынбаева (48 кг), Тол­ғанай Әбеуова (52 кг), Ба­қыт Құсақбаева (57 кг), Эсмигуль Куюлова (63 кг), Анас­тасия Мая­кова (70 кг), Аруна Жан­гелдина (78 кг) және Кәмила Бер­ліқаш пен Ақерке Рамазанова (+78 кг).

Жарыс қорытындысы бойын­ша әлем чемпионы атанған ба­луанға – 2000, күміс жүлдегерге – 1400, ал қола медаль иегеріне 1000 рейтингтік ұпай беріледі.