09 Шілде, 2014

Текелінің тарландары

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы облысына қарасты, Текелі қаласын­да «Команда жинап, добыңды ал» шарасы өтті. Оның мақсаты – жасөспірімдерді дене тәрбие­сіне тарту, сөйтіп, көпшілік арасында футболды дамыту. Бұл тек жасөспірімдерге ғана емес, жалпы көпшілікке спорт түрлерін насихаттау, салауаттылыққа баулу және жас ұрпақты рухани-патриоттық бағытта тәрбиелеу, жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу амалы болды. Аталған маңызды шараға «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Қошанбеков, Текелі қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков қатысып, демеушілерге және жас спортшыларға ақ тілегін жеткізді. Акция барысында балаларға 120 доп сыйға берілді. Жасыл алаңда 150-ге жуық жасөспірімнен құралған 12 команда мен «Жетісу» коман­дасының және Текелі қаласының ардагер аяқ допшылары өзара жолдастық ойынын көрсетті. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.