Павлодар тұрғындарының айтуынша, елік қала көшелерінің бірінде жүрген. Көшедегі қаңғыбас иттер еліктің лағын таламақ болып, артынан қуған. Иттерден қашып құтылу үшін Ертіс өзенін кесіп, арғы бетке шықпақ болған елік суға тұншығып өте алмай қалған. Өзеннің ортасында қалып қойған елікке құтқарушылар көмектесіп, жағаға алып шықты. Жануардың жағдайы тексеріліп, арнайы қорғаушылардың қолына таспсырылды.
Мамандардың айтуынша, соңғы кездері Сібір еліктерінің саны күрт көбейген.