09 Шілде, 2014

Министр Семей гарнизонында

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қорғаныс министрі Серік Ахметов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей гарнизонында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. С. Ахметов өңірлік қолбас­шы­лыққа қарасты бөлімдер мен құрамаларда болды, сондай-ақ, «Семей Инжиниринг» және «Семей машина жасау зауыты» АҚ қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының қызметімен танысты. Өңірлік қолбасшылық бас­шы­лығы алдына бірқатар тапсырмалар қойған министр қорғаныс-өнеркәсіптік секторды одан әрі нығайту және жаңа өнеркәсіптік желілерді игеру қажеттігін атап өтті.