«Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі. Астананың маңайында Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр», деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Берік Дүйсембиновтың сөзін жоққа шығарды.
«Бір депутат Өскеменнің төңірегіндегі жердің барлығы маған тиесілі екенін айтты. Бұл бос сөзден басқа ештеңе де емес. Осылай дер едім. Бұл ақпарат расталған жоқ. Сондықтан бұл сұраққа менің баспасөз қызметім, Жер қатынастары комитеті толық жауап береді деген ойдамын», деді Даниал Ахметов.