Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»
Аталған іс-шарада автор өз шығармаларынан үзінді оқып, қалың көрерменді терең ойға жетеледі. Екі жыл бұрын жазылған, Жәмила Бақтиярқызының алғашқы туындысы алты тілге аударылған.
«Бұл кітаптың өмірім мен тағдырымда орны ерекше. Кітаптың 5 мың данасын шығардық. Сұраныс болып жатса, әрине, тағы да шығарамыз. Бастысы, халық оқып, керегін алса болды», дейді жас қаламгер.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен тұсаукесерге танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақын-жазушылар және талапты жастар қатысты.
«Тілі өте көркем. Кітап ә дегеннен тартып, жетектеп отырады. Осының өзі автордың шеберлігін көрсетіп отыр. Әдебиетке болашағы зор, үлкен бір қаламгер келді деп айтсақ болады. Жалғасатыны күмән туғызбайды», деді Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ.