Баға • 19 Сәуір, 2023

Павлодар облысы: Құбылған меже

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АИ-92 маркалы бензиннің бағасы осы аптадан құбыла бастады. Қаладағы жанармай құю стансаларында ең қымбат бензиннің литрі 205 теңгеге жетіп тұр. Ал дизель отыны кейбір стансаларда жоқ екені аңғарылып қалды.

Павлодар облысы: Құбылған меже

Қазіргі күні АИ-92 бензині бойын­ша ең төменгі бағаны «Монолит» (литрі 178 теңге) пен «Қазақойл» (182 теңге) стансалары ұсынып отыр. Дегенмен талон түрінде алсаңыз литрі кемінде 200 теңгеден сатылады. Яғни бұл компаниялар алдағы уақытта сұйық отынның бағасын өсіретініне күмән жоқ.

Ал «Гелиос», «Пегас», «Газпром­нефть» бағаны көтеріп тастады. Ең қымбат бензин «Газпромнефть» стансаларында тіркелді (литрі – 205 теңге). Атаулы бензиннің литрі «Гелиоста» - 201, «Пегаста» 199 теңге тұра­ды. «Петрол» мен «Парковая» ком­па­ниялары автокөлік  отынының бағасын сәйкесінше 185 және 192 теңге деңгейінде ұстағанымен, бұла­да дизель отыны жоқ.

Ертістің Павлодар өңірі бір айда шамамен 9-10 мың тонна дизель, 7 мың тонна бензин тұтынады. Өңір бойын­ша 147 жанармай құю стансасы бар болса, бөлшек саудадағы ең ірілері – «Монолит» (14 стансасы бар), «Петрол» (11), «Пегас» (15), «Гелиос» (21), «Қазақойл» (14) және «Газпромнефть» (3) желі­лері. «Қазақойл» операторы жанар-жа­ғармайды толықтай «Қазмұнай­газ­дан», өзгелері «PETROSUN» серік­­тес­­тігінен алады.