09 Шілде, 2014

Көңіл айту жеделхатын жолдады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзенің қайтыс болуына байланыс­ты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Эдуард Амвросиевич Шеварднадзенің дүние салғаны туралы қаралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеле қабылдағаны айтылған. Мемлекет басшысы Грузияның экс-президентінің туған-туыстарына шын көңілден қайғыра көңіл айтып, Э.Шеварднадзе өз отанының игілігі үшін орасан көп іс атқарған грузин халқының аса көрнекті өкілі, көреген саясаткер болғанын атап өткен. «Кәсібилігі мен ісіне адалдығы, тамаша адамгершілік қасиеттері оны білетіндердің баршасының шынайы құрметіне бөледі. Э.А.Шеварднадзенің жарқын бейнесі әрдайым біздің жүрегімізде сақталады», делінген жеделхатта.