Бизнес • 19 Сәуір, 2023

Бизнес тек адал ортада гүлденеді

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте экономиканы монополиядан арылту мәселесіне ерекше тоқталды.

Бизнес тек адал ортада гүлденеді

Бұл – мемлекет дамуында, елдің әл-ауқатын көтеруде маңызды рөл атқаратын әділетті қадам. Өйткені монополизм ‒ халықтың әлеуметтік жағдайын әлсірететін, кәсіпкерлерді аяқтан шалатын, бизнес саласының ірі бөлігін бір ғана тұлғаның билеп-төстеуіне әкелетін жағымсыз құ­былыс. Экономиканың белгілі бір саласын уысында ұстап отырғандар қолдағы майлы шелпектен айы­­рылғысы кел­мейді, ал несібеден қағылған қара­пайым халыққа оның дәмін тату да арман.

Елімізде Монополияға қарсы күрес туралы заң бар болса да, оның іс жүзінде орындалуы мәнсіз болып тұр. Сондықтан жаңа Парламент бұл заңды заман талабына сай, өз деңгейінде жұмыс істей алатындай тиісті тетіктермен толықтырып, қайта қарауы қажет. Құжат адал бәсекелестікті, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ететін мазмұнда болып, мемлекетке, халыққа жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге моно­полияға қарсы күреспен айналысатын мем­лекеттік органның өкілеттігі нақ­ты белгіленгені маңызды. Өз кезе­гінде  жауапты орган атқарып жат­қан жұмысы, іс-шаралар нәтижесі бойын­ша тұрақты есеп беріп отыруы керек.

 

Роза ӨМІРТАЙ,

Нархоз университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты