Есірткі • 20 Сәуір, 2023

Ақтөбе тұрғынынан есірткі тәркіленді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңақоныс ауылынан есірткі жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе тұрғынынан есірткі тәркіленді

Есірткі тасымалдаушыны жолда оның көлігін тексеру кезінде анықтаған. Ақтөбе облысы ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері және ҚР ІІМ ЕБҚІҚД-мен бірге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алға ауданының Маржанбұлақ ауылының кіре берісінде 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mazda-626 автокөлігінен ұнтақ заты бар 3 полиэтилен пакеті табылды.

Оның үйінде де есірткі сақталғаны анықталды. Сондай-ақ Жаңақоныс ауылында есірткі жасырылған арнайы орын бары белгілі болды.

Жалпы салмағы 2 кг-нан астам синтетика тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігімен және 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті ҚПК-тің 128-бабының тәртібіне сәйкес ұсталды.