Қоғам • 21 Сәуір, 2023

Елордада Абылай хан даңғылындағы жол қозғалысы ережесі өзгерді

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 сәуірден бастап Астанада Абылай хан даңғылы бойындағы Пушкин көшесінен Манасқа дейін қоғамдық көліктер жолағымен автокөліктердің жүруіне арнайы уақыт белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Елордада Абылай хан даңғылындағы жол қозғалысы ережесі өзгерді

Автокөліктерге тек сенбі, жексенбі және мереке күндері Bus Lane-де жүруге рұқсат беріледі. Ал жұмыс күндері сағат 6.30-дан 20.00-ге дейін қоғамдық көліктерден басқа барлық көліктерге арнайы жолақпен жүруге тыйым салынады.

«Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасай отырып, жедел жәрдем, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру техникаларының еш кедергісіз жетіп, жылдам қызмет көрсетуі үшін енгізіліп отыр»,  деп түсіндірді елорданың Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Сонымен қатар, жаңа ереже автобустардың белсенді жұмыс істейтін уақытында және демалыс күндері сынақ режимінде енгізілді.