Ақтөбеде Алматы ауданы Жангелдин көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Хабар түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті. Бірақ өрт біраз аумақты қамтып үлгерген. Үйдің ас бөлмесі мен кіреберісі өртеніп, жалын шатырға жеткен. Өртті сөндіруге 16 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстары кезінде екі баланың денесі табылды.
1954 жылы туған әйел адам жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт кезінде үйде 5 адам болған. Оның екеуі - бала. Жалын 40 шаршы метр жерді қамтыған.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.