Андрей Лукиннің айтуынша, бизнес-иммигранттардың визасыз 198 компаниясында 4 млрд теңге берешегі бар. 1,5 мыңнан астам компания тіркеу орнында жоқ және 2 мыңға жуық фирма жұмыс істемейді.
«Мемлекеттік кірістер органдары заңды тұлғаны құру кезінде заңнамалық бұзушылықтарға жол беруіне байланысты оны тарату жолымен талап қоюға құқылы. Заңды тұлғаны құрған шетелдіктің бизнес-иммигрант визасын алмауы осындай бұзушылықтың бірі болып табылады. Алайда, республикалық маңызы бар облыстар мен қалаларда белгіленген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өтуін тану шаралары жалпыға бірдей қолға алынбаған», деді сенатор.
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері шетелдіктердің бизнес-иммигрант визасы болмаса да, заңды тұлғаны тіркеуден өткізуді жалғастыру фактілері қиындық туғызып отыр. Оған салалық нормативтік актілерден бас тарту үшін негіздердің болмауы себеп болып отыр.
«Қалыптасқан жағдай шетелдік азаматтардың күмәнді заңды тұлға құруына ықпал етеді, олар кейіннен қаржысын көлеңкелі айналымға шығару схемаларында қолдануы әбден мүмкін. Осыған байланысты, бизнес-иммигранттарға салық салу және көші-қон мәселелері бойынша ведомстволық бақылауды күшейтуді, бүкіл ел бойынша бизнес-иммигранттардың тікелей қатысуымен салық төлемдері мен заңды қызмет жүргізу тұрғысында компаниялар мен фирмаларға аудиторлық тексерулер жүргізуді, сондай-ақ бизнес-иммигранттармен құқықтық қатынастарды реттеу тетігін жетілдіру жөнінде заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасауды ұсынамын», деді А.Лукин.