Көрме • 23 Сәуір, 2023

Корей фотосуретшілерінің көрмесі

343 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Тұңғыш Прези­дент кітапханасында «Корей ша­ма­низ­мі – гут. Рухтың тынысы» атты фотосуреттер көрмесі ашылды.

Корей фотосуретшілерінің көрмесі

Мазмұнды шара кітапхананың «Мәдениет арқылы үнқатысу» ха­лық­аралық көрме жобасы аясында еліміздегі Корей Республикасы елші­лігінің Корей мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Фотосурет көрмесі Корей елін ежелгі наным – ша­манизм арқылы таныстырады. Бұл – соңғы уақытқа дейін корей түбегінде кең таралған бірнеше негізгі діни ағымның бірі.

ывап

– Бұл біздің кітапхана мен елші­ліктің жанындағы Корей мәдени орталығымен бірлесіп өткізген же­тінші іс-шарамыз. Биыл біздің ынты­мақтастығымызға бес жыл толды. Осы жылдар ішінде кітапханада корей­лік танымал суретшілердің бір­қатар көрмесі өтіп, онда атақты корей мұражайларындағы тарихи жәдігерлер қойылды. Дәстүрлі корей киімдерінің көрсетілімдері мен шеберлік сабақтары өтті. Мәдени серіктестігіміз екі халық арасын­дағы достықты нығайтуға өз септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді Тұң­ғыш Президент кітапханасының дирек­торы Бақытжан Темірболат.

фыва

Корей Республикасының Төтен­ше және өкілетті елшісі Ку Хонг Сок былтырғы мәдени алмасу жылы биыл да жалғасын тапқанын атап өтті.

– 2023 және 2024 жылдар Корея­ға бару жылы болып жарияланды. Осы­ған байланысты қазір түрлі іс-шара­лар өтіп жатыр. Сіздерді корейлердің дәстүрлі наным-сенімдері мен ша­манизм тақы­рыбындағы көріністерді тү­сірген фотографтарымыздың мұ­ра­­ғаттарындағы суреттер арқылы Корея­мен таныстырамыз. Бұл фото­суреттер ұзақ уақыт бойы шындықтан тыс әлемді түсінуге тырысқан корей­лердің жүрегіне үңілуге мүмкіндік береді, – деді елші.

фыва

Сондай-ақ көрме авторлары­ның бірі Ли Хангу Венгрия мен Польша­дан кейін корей «гут» шаманизміне арналған бұл көрме Орталық Азияда алғаш рет өтіп отырғанын айтты. «Мұнда авторлардың әртүрлі түсін­дірмелерін, сонымен қатар корей шаманизмінің сонау өткен дәуірден қазіргі күнге дейінгі өзгерістерін көріп, сезінесіз. Фотосуреттермен жұмыс істей отырып, мен бақсының маңызды психотерапевтік рөл атқаратынына, адамдардың қорқыныштары мен үрейлерін емдейтініне көз жеткіздім. Бұл көрме арқылы келушілер терең ұйқыдағы сезімдерін оятып, шабыт алады», деді ол.

Көрмеге Ким Соннам, Ким Донхи, Ли Гючель, Пак Чанхо, Ан Сехон, Ли Хангу секілді алты деректі фотосуретшінің жұмысы қойылды. Олар Корей өнері мен мәдениетін, ата-бабалар өмірі мен рухын, сондай-ақ бес мың жылдық тарихы бар корей шаманизмін шеберлікпен аша білген.