Тұлға • 24 Сәуір, 2023

Мәтінге мән берсек...

492 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі ғасырдың ұрпағына да белгілі талант иесі, ақын Қадыр Мырза Әлінің өлеңдері ел аузында жиі айтылатын афоризмге айналғанын бәріміз білеміз. «Өлеңге айтып қойыппын, Өмірдің айтпа дегенін» деп, бар болмысын поэ­зиясына сыйдыра білген Қадыр ағамыздың «көзі кеткеннен» кейін шығармаларына қиянат жасап жүрген жайымыз бар.

Мәтінге мән берсек...

Қазақтың киелі домбырасын, құдіретті күйін сөз етерде екінің бірі Қадыр ақынның «Домбыра» өлеңінің алғашқы шумағынсыз бас­тамайтын болды. Әсіресе 2018 жылғы 13 маусымдағы «Дом­бы­ра­ күнін» белгілеу туралы Жар­лы­ғынан кейін ақынның бұл шумағынсыз мереке өткі­зіл­мейтін деңгейге жетті. Қадыр ақын­ның «Домбыра» өлеңі қазақ пен­ киелі домбыраның егіз ұғы­мы­нан басталады:

Екі ішектің бірін қатты,

бірін сәл-сәл кем бұра.

Қазақ – нағыз қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра!   

(Қадыр Мырза Әлі. Көкейкесті. Өлеңдер мен толғаулар. – Алматы: Атамұра, 2003. 154-бет).

Өлеңнің түпнұс­қасын­дағы үзін­ді­ дәл осылай берілген. Ал біз 2018 жылғы шілденің алғаш­қы жексенбісінде өтетін «Дом­бы­ра қүні» мерекесін телеарналарда белгілі күйші Секен Тұрыс­бек пен белгілі әнші Бекболат Тілеуханға «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп жарнамалаттық. Еліміздегі бірқатар басылым да «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» екенін (тыныс белгісі өзгертілмей берілді) есімізге салды. Содан бері Қадыр ақынның бұрмаланған өлең жолдары ақпарат жүйесінде жалғасын тауып келеді. Таңғала­ты­нымыз – мәдени іс-шараны ұйым­­дас­ты­ратын тұлға­­лардың ешқай­сы­сы­ның түп­нұс­қаға бір рет назар аудар­­­май­тын­­дығы, Қазақ – нағыз қазақ емес­ тіркесі мен нағыз қазақ – қазақ­ емес тіркестеріндегі ой айыр­­машылығын саралай алмай­тын­­дығы. «Егер ол нағыз қазақ бо­лып алса, қалай қазақ бола алмайды?» деген ұйғарым жасауға білім деңгейлерінің жетпегені ғой. Бұны қайталанбас талант иесі Қадыр Мырза Әлінің поэзия­сынан хабары жоқтардың жалпы әдебиетімізге қиянат жасағаны деп білемін. Олардың өз бетінше еркінсігені сонша, «Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра, нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп «сәл-сәл» қос сөзін сыңар мәнді «сәл-пәлге» өзгертуден де тайынбады («Хабар-24», 05.07.2020). Осы үр­діс­­­ті «Елбасы кітапханасы» цик­лі­­нен интернетке жарияланған мақала да айна-қатесіз қайталады (03.07.2020). Жоғары деңгейдегі ақпарат көздерінен алған үлгісі болуы керек, Қазалы аудандық газеті: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр Мырза Әлінің сөзін ұран еткен халқымыздың көңіл төрінде домбыраның орны ерекше», деп, дүйім қазақ жұртын шатастырып қойды. (04.07.2021). Биыл да «Домбыра күні» мерекесінде талай белсенді жылдағы кемшілікті жалғастырды.

2018 жылдан бері не мәдениет, не ақпарат, не білім саласына қатыс­ты құзыретті орындардағы «Дом­быра күні» мерекесін ұйым­дастырушылардың Қадыр ақын­ның­ бір ғана «Домбыра» өлеңін оқып­ шықпағаны – өкінетін жайт.­ Өмірінің соңына дейін мүше­сі­ болған Жазушылар­ одағынан да бір әдебиет қыз­мет­керінің үн қатпауы «Өзі жоқ­тың көзі жоққа» саяды. «Он­сыз да ғаламторға жүгінген жас­тарымызға барлық ақпарат көздері «бұрмаланған» өлең жолдарын ұсынып жатса, «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деген ақын ағамыздың аманатын орындау оңайға соқпайтын секілді. Әрине, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайтыны» рас десек те, келешекте нағыз талант Қадыр ақынның поэзиясы дұрыс насихатталуына назар аударғанымыз жөн шығар.

 

Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ