Аймақтар • 25 Сәуір, 2023

Президент іс басқармасы медициналық орталығының делегациясы Шығысқа келді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент іс басқармасы медициналық орталығының делегациясы Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент іс басқармасы медициналық орталығының делегациясы Шығысқа келді

Делегацияның сапары Өскемендегі Көпбейінді онкология және хирургия орталығының жұмысымен, КТ кабинетімен және ахуалдық орталықты аралаудан басталды.

Сондай-ақ медициналық орталық өкілдері Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталық дәрігерлерімен және операция жасалған пациенттермен жүздесіп, инновациялық медицина бөлімшесін аралады. Медициналық орталық мамандары Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына барып, онда кардиохирургия, қантамырлық хирургия, гинекология мен қабылдау бөлімшелерінің жұмысымен танысты.

щ

18 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен оған қарасты ұйымдардың 34 жетекші маманы халыққа практикалық және консультациялық әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі технологиялық операциялар жасап, аймақтың дәрігерлеріне және бизнес өкілдеріне шеберлік сабақтарын, тренингтер өткізіп жатыр.

Айта кетсек, «ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының күндері» жобасы отандық медициналық туризмді дамыту, еліміздің өңірлерінде денсаулық сақтау саласының жаңа медициналық технологияларын енгізу, тұрғындарға медициналық көмек көрсету мақсатында өткізіледі.