Сот үкімімен оған ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігімен 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры арнайы атағынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, кеше, 24 сәуірде Алматы әуежайының желілік полиция басқармасының экс-басшысы да 6 жылға сотталды. Сот үкімімен Талғат Тәліпов қаңтар оқиғасы кезінде билігі мен өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылды.