Аймақтар • 25 Сәуір, 2023

Оралдағы соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда Жеңіс күніне орай майдангерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралдағы соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда облыс орталығында Ұлы Отан соғысына қатысқан 13 ардагер тұрады.

Олардың әрқайсысына 1,5 млн теңгеден беріледі.

«Сонымен қатар, майдангерлерден бөлек, 15 санат бойынша бір жолғы төлемақы беріледі. Олардың арасында тыл еңбеккерлері, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, Ленинград қоршауда болғанда жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер, Чернобыль, Ауғанстан, Таулы Қарабақ қақтығыстарының қатысушылары бар. Жалпы, Орал қаласында Жеңіс күніне орай барлығы 2808 адамға 175 млн теңге көлемінде төлемақы бөлінді», деп хабарлады ведомство өкілдері.