Қаржы • 25 Сәуір, 2023

Доллар бағамы төмендеді

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар бағамы төмендеді

Күндізгі сауданың нәтижесі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,36 теңгеге төмендеп, 455,04 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 сәуірдегі бір долларға арналған ресми бағамы 456,34 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,70 теңгеден сатып алынып, 453,71 теңгеден сатылып жатыр.

Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 451,48 теңге, сату – 455,10 теңге.