Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы күштері Бас штабы Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары полковник Дәурен Абдуллин әскери шеру өткізуден бас тартуға бюджетті үнемдеу себеп болғанын атап өтті.
«9 мамырда әскери шеру болмайды. Қорғаныс министрлігі үнемделген қаражатты жауынгерлік әзірлікті сақтауға және әскерлердің ұтқырлығын арттыруға жұмсайды», деді Дәурен Абдуллин.