Өнер • 25 Сәуір, 2023

ЕҰУ студенттері Италияда өткен өнер байқауында І орын иеленді

684 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразия ұлттық университетінің «Дала сазы» халық аспаптар оркестрі жаңа шығармашылық шыңдарды бағындырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ЕҰУ студенттері Италияда өткен өнер байқауында І орын иеленді

Қазақстан студенттері Open Italy ашық халықаралық аспаптық музыка байқауында «Folk instrument» аталымы бойынша үздік атанды.

Өнер додасына 34 елдің өкілдері қатысты. Халықаралық байқау 2023 жылдың 23 сәуірінде Италияның Пезаро қаласында басталды. Осымен 15-ші рет өткен өнер додасына 34 елдің өкілдері қатысты.

ЕҰУ оркестрінің құрамында 10 студент өнер көрсетті. Олар Қуаныш Нүкішевтің «Шабыт» және Құрбанионның «Науаи шарк» атты екі туындысын орындады. Қазақстандық студенттердің музыкалық өнерлерін халықаралық байқаудың қазылар алқасы жоғары бағалады.

ЕҰУ оркестрі 19-21 жас аралығындағы санатта «Ұлттық аспаптар» аталымы бойынша І орынға лайық деп танылды. Бас жүлдені қазақстандық «Бастау» тобы алса, болгариялық «Gergana Ruseva» тобы екінші орын иеленді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03