Жақында жыл сайын өтетін “BG GROUP басқарма төрағасының наградасы” байқауының қорытынды шарасында “Қоршаған орта күзетшісі” санатында жоғары марапатқа “Эко-орталық” жобасы ие болды. Жобаны Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнындағы “Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.” халықаралық консорциумы жүзеге асырған болатын.
Дәстүрге енген “BG GROUP басқарма төрағасының наградасы” байқауының басты мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан “BG GROUP” компаниясының бөлімшелерінің ұжымдық жауапкершілігі ішінде, еңбек пен өндірісті, жалпы қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткендерді мойындап, оларды құрметтеу болып табылады. Биыл конкурсқа қатысуға 122 өтініш түскен көрінеді. Ал награданы тапсыру салтанаты Ұлыбританиядағы Wіsley, Royal Horttіcultural Socіetyеs garden-де өтті.
Алдымен байқау жеңімпаздарын құрметтеуге және құттықтау мақсатымен “BG GROUP” компаниясының басқарма төрағасы, сэр Роберт Вильсон сөз алды. “Үміткерлердің өтініштері бізге үлкен әсер қалдырды. Олар біздің іскерлік тұжырымдарымызды бейнелеумен қатар, компаниямыздың негізгі қызметін көрсетеді. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығы, қауіпсіздік техникасы және қоғамдық жауапкершілік секілді маңызды санаттарда “BG GROUP” ұстанған басым бағыттарды айқын көрсетеді, деді конкурс қорытындысына баға бере келе сэр Роберт Вильсон. “ҚПО”-ның бас директоры Джузеппе Пази ҚПО командасын байқаудағы жеңістерімен құттықтай отырып, “Эко-орталық” жобасын жүзеге асыруға үлес қосушыларға алғысын жеткізді. Жеңісті байқауды сөз ете отырып, Джузеппе Пази былай деп атап өтті. “ҚПО-ның экологиялық орталығы біздің қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлықтарды тиімді қолдану мәселелері бойынша міндеттемелеріміздің бір ғана бөлігі-тін. Біз үлкен жұмыс атқардық. Ол өнімділікті жоғарылатуға, қоршаған ортаны қорғаудағы көрсеткіштерімізді одан әрі жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Ал наградаға келсек, ол біздің тамаша өндірісіміз бен бастамаларымыздың орынды бағаланғаны”, деді ол.
Қарашығанақ кен орнындағы “Эко-орталық” 2009 жылы ашылған болатын. ҚПО-ның қалдықтарды қысқарту және оларды қайта өңдеу бойынша жүргізген бағдарламасы шеңберінде өткізілді. Әлемдік деңгейдегі бұл нысан өндіріс қалдықтарын пайдаға асырудың қауіпсіздігін, мұнай бұрғылау кезінде қалатын сұйық және қатты қалдықтарды жою мен қайта өңдеуді қамтамасыз етеді.
ҚПО-ның “Эко-орталығы” өзінің құрамына қандай нысандарды енгізгендігін айта кетейік. Мысалы, керексіз қалдықтардың термомеханикалық өңдеуін орнату, онда бұрғылау қалдықтарының қауіпсіз және тиімді өңдеу жүргізіледі. Бұрғылау ерітінділерін өңдеуде және араластырудың кешені болып табылатын бұрғылау ерітінділерінің зауыты, мұнай өнімдерімен ластанған суды тазалайтын жерде сұйық қалдықтарға қондырғы орнату, құбырлардың күрделі жөндеуден өткізу кезінде пайдаланылған рассолды қайта қолдану үшін қайтадан өңдеу, сондай-ақ су негізіндегі бұрғылау ерітінділерін қайта өңдеу кіреді. Ол бұрғылау кезінде шығатын керексіз қалдықтар болып табылмайтын заттар, мұнай өнімдерімен және қатты қалдықтармен ластанған нәрселерді өңдеу жүргізілетін жердегі айналмалы пешке қолданылады.
Ендігі жерде ҚПО өзге де мүмкіндіктерімен қоса қымбат базалық майды шығарып алып, оны қайтадан қолдана алатын болады. Бұл қымбат май мұнайлы негіздегі бұрғылау ерітінділерінің 65 пайызын құрайды. Базалық майды судан сүзіп, осы арқылы сақтауға арналған алаңдағы қалдық көлемін төмендетуге мүмкіндік туады. Бүгінгі таңда ҚПО-ның “Эко-орталығы” аймағында қатты қалдықтарды сақтауға арналған стационарлы полигон салыну үстінде.
Венера ТҮГЕЛБАЙ.