10 Шілде, 2014

Жоспар орындалды!

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау кеденшілері алты айда ел қоржынын 203 миллиард 886 миллион 788 мың теңге кіріспен толықтырды Бюджет қоржынын то­лық­­тыратын саланың бірі – кеден. Осы орайда Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті ке­дендік тө­лем­дер мен са­лық­тар түсімі бойынша беріл­ген жоспарды үнемі арты­ғымен орындап келеді. Мә­селен, биылғы бірінші жартыжылдықта аталған департамент ұжы­мы­ның жос­парлы тапсырмасы арты­ғымен орындалды. Жыл басында берілген жоспарлы тап­сырма – 202 миллиард 868 миллион 974 мың теңге бол­са, нақтысында бюджетке ау­дарылғаны – 203 миллиард 886 миллион 788 мың теңгені құрап отыр. Кеденнен де кенен кіріс түсіруде өз міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқаратын Атырау кеден­ші­лерінің бұл табысын 2013 жыл­дың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, кедендік тө­лемдер мен салықтардың түсуі 75 миллиард 372 миллион 274 мың теңгеге артқаны байқалады. Демек, ортақ істе әр кеденшінің үлесі бар еке­нін атап өткен орынды бол­мақ. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.