10 Шілде, 2014

Елшіге елеулі үлесі үшін алғыс

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік хатшысы Әділ­бек Жақсыбеков Италия Респуб­ли­касының Қазақстан Республи­касын­дағы Төтенше және өкі­летті елшісі Аль­берто Пиеримен кез­десті, деп хабар­лады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекеттік хатшы А.Пиериді Қазақ­стандағы дипломатиялық миссиясы табысты аяқталуымен құттықтап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді. Кездесу барысында одан арғы ынты­мақ­тастықтың жай-күйі мен келешегі, соның ішінде Миланда өтетін ЭКСПО-2015 және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмелерін өткізу жұмыстарын үйлестіру мәселелері талқыланды. Италия Қазақстанның шетелдік сауда әріптестері арасында үшінші орын, ал Еуропа мемлекеттері ішінде бірінші орын алады. 2013 жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы 16,2 млрд. доллардан асты.